Компания туралы

Қазіргі заманғы қоғам әділетсіздікке толы. Алдау, жемқорлық, опасыз қарым қатынас, адам құқығын ескермеу өте жиі кездеседі! Дүние жүзінде сағат сайын 200 мың қылмыс жасалады, жүздеген адамдардың құқықтары бұзылады. НЕГЕ: Өйткені адам заң жағынан сауатсыз, мәселелер туындаған жағдайда не істерін білмейді! 

Бірақ одан шығудың жолы бар! Таң қалмай-ақ қояйық, бірақ осындай заңсыздықтар іске асып жатқан біздің елде зардап шеккендердің құқықтарын қорғауға болатын қажетті заңдар бар. Біз сізге өз құқығыңызды қорғауға көмектесуге, сұрақтарыңызды және қиындықтарыңызды шешуге көмектесуге дайынбыз – МОБИЛЬДІ, САПАЛЫ, ЫҢҒАЙЛЫ ЖӘНЕ ҚОЛ ЖЕТІМДІ!

Қызмет механизмі:

Тез және ыңғайлы мамандандырылған заңгерлер Сіздің сұрақтарыңызды шешуге көмектеседі! Заңгерлердің бірінші желісі жедел заң көмегін көрсетеді. Сіз еліміздің кез келген жерінен, шет елдерден де телефон шала аласыз. Кез келген уақытта күндіз және түн бойы.  Сізге кезекте тұрудың да, заңгермен жеке кездесуге барудың да қажеті жоқ, Мобильді заң қызметінің телефон нөмірін терсеңіз болды. Заңгерлердің екінші желісі – ол жеделдікті талап етпейтін кеңейтілген сұрақтар,  Сізге 72 сағат ішінде жауап береді. Біздің мамандандырылған заңгерлеріміз құқық саласы бойынша көмек көрсетеді. Қажет болып жатса сізбен сұрақтарды сотта шешу үшін де кездеседі.

Біріншіден біз заңды кеңестерді телефон желісі бойынша беретін call-centre орталығы болып табыламыз. Сіз біз ұсынатын заңды қызмет пакеттерінің біреуін ала аласыз және кеңесті мобильді, сапалы, ыңғайлы аласыз! Егер Cізге заңгермен жеке кездесу немесе маманның сотқа қатусуы қажет болса онда бұл қызмет клиенттерге 30 % жеңілдікпен беріледі. Біздің мақсатымыз – мәселені болдырмау, уақытында кеңес беріп, дұрыс жол көрсету.

Біз Сізге шешуге көмектесе алатын сұрақтардың жобалы тізімін ұсынамыз:

  • Келісімдер жасау
  • Келісім шарттар жасау
  • Халықаралық құқық бойынша көмек
  • Заңды тұлғаларды тіркеу
  • Келіссөздерге қатысу
  • Жылжымайтын мүлік
  • Арбитраж
  • Отбасылық құқық
  • Пәтер үй құқығы
  • Еңбек құқығы
  • Жер құқығы
  • Авторлық құқық
  • Мұрагерлік құқық
  • Тұтынушылар құқығын қорғау
және тағы басқа...

Бақыт тілейміз!

Құрметпен,
«Халықаралық мобильді заң қызметінің»
Директорлар кеңесі.